Мас күйінде ұрып-соғып, адам өліміне жеткізген адамға қатысты үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында,  мас күйінде ұрып-соғу арқылы адам  өліміне  әкеп соққан қылмыстық іс,  ҚР ҚК-нің 106 бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Ф., кешкі уақытта азамат Ч.Л.Ж.-мен бірігіп спирттік ішімдік ішкен, оның барысында Ф.-мен Ч.-ның арасында ауызша жанжал туындаған. Ішімдік ішу кезінде Л. және Ж. ұйықтау үшін үйге кіріп, ал Ф. мен Ч. алкоголдік ішімдіктерді ішуді жалғастырып, оның барысында олардың арасында балағат сөздермен жанжал қайта жанданған. Осы уақытта Ф. мас күйінде, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру үшін бас аймағына бір рет соққы тигізеді, сол соққыдан Ч. Құлайды. Содан кейін Ф., Ч-ны үйге кіргізеді, сол кезде олардың арасындағы жанжал тағы да балағат сөздермен қайта жанданады. Осы уақытта Ф., мас күйінде абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, осы елеусіз себепті қылмыс жасауға түрткі ретінде пайдаланып, өзінің салмақты екенін түсініп, денесінің әртүрлі бөліктеріне қолдарымен және аяқтарымен дене жарақатын сала бастағаны  сотта айқындалады. Төбелес кезінде Л. оянып жанжалды тоқтатуға, соңғысына көмектесуге және Ф-ның қылмыстық әрекеттерін тоқтатуға тырысқан, алайда Ф. өзінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруды жалғастыру мақсатында Л.-ның бет-әлпетіне бірнеше рет соққы беріп, өзінің қылмыстық ниетін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, соңына дейін жеткізу үшін бірнеше рет соққылар жасайды. Бас, бет және дене аймағына алған соққыдан Ч. бөлмесінің еденіне құлайды. Л. не болып жатқанын көріп, Ж-ны оятады, ол Ф.-ның кеуде аймағына бір соққы беріп, содан кейін Ф. өзінің қылмыстық әрекетін тоқтатып, қылмыс болған жерден қашып кетті.
Өз кінәсін толық мойындаған сотталушыны сот  ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және жазасын бойынша қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып 8 (сегіз) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Батыс-Қазақстан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?