Түркістан облысы Полиция департаменті Бәйдібек АПБ қызметкерлерімен «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті. Аталған шара аудандағы бірқатар білім ордаларының алдында, оқушыларды қатыстыра отырып өткізілді. Атап айтар болсақ, Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің, С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының тағы да басқа аудан мектептерінің алдында оқушыларға, жасөспірімдерге жол бойында арнайы түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Іс-шара барысында оқушыларға, жасөспірімдерге жол белгілерін ажырата білу, жаяу жүргінші жолағынан өткенде абай болу керектігі түсіндірілді. Полицейлер балалармен бірге жолдан өтіп, көлік пен бағдаршамның, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды.

Балалармен болған жол көлік оқиғасы көп жағдайда балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, құлаққапты құлағына салып алып көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады. Сондықтан да өз кезегінде облыс полицейлері ата-аналарға баларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, мейлінше қадағалап отыру керектігін айтады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?