Рамазан Алдабергенов Алдабергенұлы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Ол жастардың барлық іс-шараларға, барлық бастамаларға, барлық бағдарламаларға қатысуын маңызды деп атап өтті. Бүгін полиция қызметкерінің негізгі қасиеттері — ең алдымен, Отанға деген сүйіспеншілік, жоғары сана, өз міндетін атқару үшін жауапкершілік сезімі. 
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Қызылорда қалалық полиция Басқармасының жергілікті полиция бөлімінің № 9 полиция учаскелік бөлімшесінің учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Рамазан Алдабергенов Алдабергенұлы өз адал қызметінде жұмыс барысында оң нәтижесін көрсетуде.
Алдабергенов Рамазан Алдабергенович 13 наурызда 1994 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 2001-2012 жылдар аралығында Байқоңыр қаласында №5 Абай Құнанбаев атындағы орта мектепте білім алған. 2012 жылы Ақтөбе облысындағы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне оқуға қабылданып, спорт және туризм мамандығы бойынша бітіріп шығады. 2017 жылдың маусым айының 2 жұлдызынан бастап ішкі істер органдары қатарына қабылданып, қызмет жолын Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы ретінде бастайды. 
2018 жылдың қараша айында кезекшілік ету барысында 102 операторына «М.Әуезов көшесінде көпқабатты үйде өрт болып жатыр» деген хабарлама келіп түседі. Аталған хабарлама бойынша Алдабергенов Рамазан оқиға орнына барып, жан-жақты сұрастыру кезінде өрт шығып жатқан пәтерде бір айлық нәресте қалып қойғанын анықтайды. Бір минутта ойланбастан полиция қызметкері пәтер ішіне жалма-жан беттеп, көк түтінге оранған пәтерден бір айлық нәрестені анасымен алып шығады. Оқиға орнына жедел жәрдемді шақырып, баланы дін-аман туыстарына табыстайды.
Полиция қызметкері Рамазан Алдабергеновтің ерлік әрекетінің арқасында бір адамның өмірі арашаланады. Алайда батыл әрі қайсар полиция қызметкері бұл әрекетін ерлікке баламайды, тек қызметтік міндеті деп санайды.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Қызылорда облысы ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?