Павлодар қаласының No 2 сотында, Павлодар облысы экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты  жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша прокурордың өтінішхаты қаралып, Б. Бақауов ҚР ҚПК 505-бабының негізінде сот үкімінің күші жойылды.
Болат Бақауов, Павлодар қаласының № 2 сотының 2020 жылғы 27 мамырдағы үкімімен бұрынғы Павлодар облысының әкімі ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3 тармағы бойынша қосымша есептелген салықтарды азайту мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталып, ЖШС-не қатысты, бұл олардың төлемеуіне әкелген еді.
Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті тергеушісінің 2022 жылғы 22 қазандағы қаулысымен сот үкімін шығарғаннан кейін мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салықты қате қосымша есептеуі бойынша сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ЖШС-нің салықты төлемеуі туралы іс тоқтатылды.
Тергеушінің істі тоқтатуына байланысты Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2023 жылғы 10 мамырда заңсыз деп танылып, қосымша салықты есептеу туралы хабарламаның күші жойылған. Осылайша, мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді- деп танылып,  бұл мән-жай сотқа үкім шығару кезінде белгісіз болғаны ескерілген.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізде болса  2020 жылы Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов  3жыл 6 айға бас бостандығына шектелген еді.
Павлодар облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?