Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында С.-ға қатысты қылмыстық істің нүктесін,  халық алғыс айтып жүрген, сулья Айнель Орақбаева нүктесін қойды.
С. ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғуы) айыпталған азаматтың қылмыстық ісі, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып, сот отырысында  С. 2023 жылғы 11 қыркүйекте бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, 2023 жылғы 12 қыркүйекте қызғаныштан туындаған себептен жәбірленуші Н.-ны бас тұсынан бірнеше соққылар жасап, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өліміне әкеп соққандығы дәлелін тапқан.
Судья Айнель Орақбаева қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән жайлардың анықталмағанын, сотталушының қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын ауырлататын мән-жәй ретінде танығанын, сотталушының істеген іс-әрекетінің ауырлығын сезінбегенін, өкініш білдірмегенін, бұрын бір рет осы тектес ауыр санаттағы қылмысты жасағаны үшін бір күн алдын сотталып және одан оң нәтиже шығармастан қайталап қасақана ауыр санаттағы қылмыс жасағанын, сондай-ақ жәбірленушінің қатаң жаза тағайындау туралы пікірін ескеріп,  С.-ны ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғуы бойынша кінәлі деп танып, 58-бабының 6-бабының талаптарын қолданып, түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізде болса судья Айнель Орақбаева қыркүйек айында жүзедеген адамдарды қажылыққа алып барамын деп 225 млн. теңгесін алдап алып кеткен, «Kausar Travel» туристік фирмасы директорын соттаған судья.

Прокурор сотталушыға 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрағанда, судья Айнель Орақбаева, адамдарды алдап ақшасын алып кеткен сотталушыны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, халықтың алданып қалған 225 млн, теңге ақшасын өндіру туралы арызын түгел қанағаттандырып берген еді
Сілтемеден толығырақ: https://astarlyakikat.kz/?p=12301
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?