Петропавлда бүтін бір отбасын өлтіріп кеткен күдіктілер ізін суытпай ұсталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.
28 желтоқсан күні 13 сағат 25 минутта зорлықпен өлтіру белгілері бар, үш жансыз дененің табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, яғни екі немесе одан көп адамды өлтіру бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының екі тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің бақылауында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді.
Солтүстік Қазақстан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?