Автокөлікті алдап иемденіп кеткен күдіктілер ұсталып, уақытша қамауға алынғаны тураы, Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов мәлімдеді.
25 желтоқсанда Қарасай ауданы ПБ-ға Шымкент қаласының 34 жастағы тұрғыны 24.12.2023 жылы Алматы-Бішкек автожолында «JAK» маркалы 3 дана автокөлікті жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен иемденіп кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы арызданды.
Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағындағы қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша дереу тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 21-22 жас аралығындағы төрт күдіктіні анықтап, ұстады.
Күдіктілер заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Екі көлік Жамбыл ауданынан, бір көлік Қарасай ауданынан табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?