Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, оны тонап кеткен ер адамдар ұсталды.

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған. 28 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған. Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?