26 жастағы ер адам туыстарының үйінде есірткі «дайындаған». Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров мәлімдеді.
Өзім тұрамын деген желеумен ағасының үйін жалға алған. Негізінде, ол синтетикалық затты шығаратын есірткі зертханасын ұйымдастырды.
«Патрульдік полиция экипажы есірткі сатушыны анықтады және ұстады. 26 жастағы Д.есімді азамат есірткі бетбелгісін қою кезінде тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Жедел-тергеу тобының тінтуі кезінде оның сөмкесінен салмағы 1,5 келіге жуық «мефедрон» есірткісі табылды. Күдікті есірткіні зертханада өзі дайындайтынын мойындады. Д.есімді азаматтың бетбелгілерді де өзі қоятындығы белгілі болды. Күдіктіге осы жұмысы үшін «жұмыс беруші» жомарт сыйақы уәде етті. Криптовалютамен төледі. Дәл осы зертханада шыны колбалар, магниттік араластырғыштар, электронды таразылар, полиэтилен канистрлер, шыны және пластмасса табақтар, кептіргіштер, құрғақ ұнтақтар және басқа да жабдықтар табылды және тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 келіден асады», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Күдікті қамауға алынды.
Есірткі бизнесінің ықтимал сыбайластары анықталуда.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?