Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, сотталушы  педагогқа тағылған, ҚР ҚК-нің 124- бабы, 1- бөлігі мен сараланған қылмыстық ісін қарап, үкім оқыды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттерді жасады деп айыпталып,  ҚРҚК 124 бабының 1 бөлігі мен сотқа жеткен қылмыстық істі қарау барысында сот,  02.04.2023 жылы Қарағанды қаласының 16 шағын ауданында сотталушы П. бес жас балаға қатысты ақшалай қаражат ұсына отырып, азғындық әрекеттер жасағанын анықтады.
Сотталушының кінәсі жас жәбірленушілердің депонирленген айғақтарымен, олардың заңды өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен, жәбірленушілер мен сотталушыға қатысты кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамаларының қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы прокурор, сотталушыға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушілердің заңды өкілдері М., О., Қ., А., С. соттан сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұраған. Алайда сотҚК-нің 124 бабының 1 бөлігінің санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, сотталушының жеке басына, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайдың болуына бағытталған жасалған қылмыстың сипаты мен жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот П. — ға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?