Алматы Халықаралық әуежайының экс-президентіне ақша ұрлағаны үшін сот үкім шығарды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Алматы қаласының  Түрксіб аудандық сотына сілтеме жасап.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде заңсыз иемденді және ұрлады деп айыпталған Алматы халықаралық әуежайының экс-президенті Б.-ға және авиациялық жанар-жағар май қызметінің басшысы Т.-ға қатысты,  ҚР ҚР ҚК-нің 189 бабы 4 бөлімі 2 тармақшасы мен сараланған қылмыстық іс қаралды.
Аталған қылмыстық істе айыпталушылардың іс-әрекеттері сот отырсы барысында, «Б. 2016 жылдан бастап әуе кемелеріне жанар-жағармай құю үшін «ТА» ЖШС арқылы авиа тасымалдаушылардан алынған қаражатты ұрлау схемасын әзірлеп, жүзеге асырған.
Қылмыстық жоспарын жүзеге асыруға ол өзінің алыс туысы әуежайындағы авиациялық жанар-жағармай қызметінің басшысын Т.-ны қатыстырған.
Осылайша, Б. Т.-ға «Украина» халықаралық авиакомпаниясының ұшақтарына жанармай құю кезінде отын шығыны туралы екі түрлі тапысырыс жасауды тапсырған.
Толтырылған жанармайдың нақты көлемін көрсететін бір тапсырыс ұшақ экипажына берілген. Оған сәйкес, әуе компаниясы «ТА» ЖШС-не төлем жасаған. Екінші тапсырыста әуежай қызметкерлері құйылған жанармай көлемін аз қылып көрсеткен. Орташа алғанда әр толтыру көлемі 5 тоннаға кем бағаланған.
Осылайша, әуе компаниясы құйылған авиакеросиннің нақты көлемі үшін «ТА» ЖШС-не ақша аударса, ал ЖШС өз кезегінде төмендетілген көлем үшін әуежайға төлем жасаған.
Б. және Т. жанармай көлемінде аз айырмашылық көрсету үшін, ұшу-қону жолақтары мен әуе кемелерінің тұрағын тазартуға шыққан жел машиналарының реактивті қозғалтқыштарына жұмсалды деп жалған есеп шығарған.
Әуе жанармайы көлемінің айырмашылығына байланысты ЖШС шотында қалған ақша қаражаты алынып, аталған заңсыз әрекетке қатысы жоқ-оның кеңесшісі және жүргізушісі арқылы Б.-ға аударылған.
Сот-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, 2016 жылдың басынан 2018 жылдың маусымына дейінгі кезеңде қылмыстық әрекеттерден келген шығын 1 миллион 250 мың АҚШ долларын (411,6 миллион теңге) құрады.
Б. және Т. 913 165 АҚШ доллары сомасындағы қаражатты өз қалауы бойынша тікелей иемденіп, иеліктенген»— деп анықталды.
Кәналарын мойындамаған айыпталушыларға сот, Б. және Т. кінәлі деп танылып әрқайсысына 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындады.
Сондай-ақ сот азаматтық талапты қанағаттандырып, Б. мен Т.-дан 913 165 АҚШ доллары немесе 417 891 698 теңге материалдық шығынды бірлесіп өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?