Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты,  Б. пара алғаны үшін ҚР ҚК-нің 366-бабы 1-1-бөлігі мен, атап айтқанда, құқық қорғау органдарының қызметкері, взвод бастығы бола тұра, жалпы қамқорлығы және пойыздарда кезекшілік кестесіне енгізгені үшін өз бөлімшесінің қызметкерінен 53 000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында көлік полициясының ҚББ қызметкерлері Б. взвод бастығы бола тұра, өз бөлімшесінің қызметкерінен жалпы қамқорлығы үшін, сондай-ақ поездарда кезекшілік кестесіне енгізгені үшін ай сайын 6 000 – 10 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат беруді талап ете бастағанын және 2022-2023 жылдар кезеңінде жәбірленушіден 53 000 теңге сомасында пара алғанын анықтады.
Сот, Б. — ға қатысты сот оның асырауында 4 жас баласының барын ескеріп, кінәні ауырлататын мән-жайлар анықталмады, осыған байланысты 1 590 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындап, сотталған Б.-ны өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және полиция майоры арнайы шенінен айырыды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сардар Әбдіжақия
Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?