Көкшетау қаласының тұрғыны «Д.» жұмысқа орналасу туралы хабарландыру бойынша психотроптық заттардың заңсыз айналымын ұйымдастыру жолымен табыс алу үшін «М.» деген лақап атпен адамның (оған қатысты материал жеке өндіріске бөлінген) ұсынысына келіскен анықталды. Онымен қылмыстық сөз байласып, «Д.» нұсқауларды орындауға келісті: ақша алу үшін шот ашты, байланыс үшін телефон, жасырын нарколаболаторияға арналған жабдықтар, психотроптық заттар өндіруге арналған материалдар сатып алды, бейнекамералар орнатты деген айып сотта өз дәлелін тапқан.
«Куратордың» нұсқауларын орындай отырып, «Д.» электрондық бағдарламаларды пайдалана отырып, психотроптық зат-мефедронды аса ірі мөлшерде дайындады және оны өткізу мақсатында сақтқаны үшін,  ҚР ҚК-нің  297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен сот «Д.»-нің қылмыстық жауапкершілігі пен жазасын жеңілдететін жағдайды — оның шын жүректен өкінуін ескеріп, сот үкімімен, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі ескеріле отырып, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы   Қасым Калмағамбетов «Д.»-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Сардар Әбдіжақия
Сот үкімі  заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?