19 қаңтар күні, Шымкент қаласы әкімшілік істер бойынша сот отырысында, Қызылорда облысы полиция департаментінің полковнигі Е. Искаков, өзінің арызын айтып әлеуметтік желісі және телекомуникациялар желісі мен БАҚ- ын пайдаланып шағымын билікке жеткізгізгісі келген азамат Нұрлан Тұрмановтың бейне үндеуін, өзіне жала жапты деп санап, әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрап арызданған.

Арыздарын билік басындағыларға жеткізе алмай жүрген Н. Тұрманов бейнежазба арқылы өзінің уәждері мен арызын айтып бұқаралық ақпарат құралдары мен телекомуникациялар арқылы жариялауға бекінген еді.


Сілтемеден толығырақ:  https://www.facebook.com/watch/?v=836518298207429

https://www.facebook.com/watch/?v=1772172779962350
Аталған сот отырысында Тұран АПБ ЖПҚб УПИ полиция аға лейтенанты Е. Каримов ұйғарым шығарып, әкімшілік істің қарау мерзімін ұмытып кеткенбе, әлде өзінің жұмысын тиянақты білмегені ме, аталған әкімшілік іс бойынша арыз ағымдағы жылдың 24- қараша күні жазылып, 3- желтоқсан күні ұйғарым шығарылған және сот сараптамасы 29- желтоқсан күні келгеніне қарамастан, полиция қызметкері істі сотқа мерзімін өткізіп жолдаған. Тіпті сот сараптамасы мен жауапкерді 18- қаңтар күні таныстырған.
Шымкент қаласы, әкімшілік істер жөніндегі судья С.Қ.Ниязбек, аталған істің қарау мерзімі өтіп кеткенін ескеріп қара қылды қақ жарды да, аталған іс, мерзімі өтіп кетуіне байланысты тоқтатылсын- деп қаулы етті.

Бұл сот қаулысы погондыны қолдап емес, қарапайым халықтың ақиқатын ескеріп, заңға сүйеніп, мемлекет басшысыз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан Жаңа Қазақстанның әділ шешімі болды деп санаймыз. Дәл осындай әділ судьялар еліміз көп болсын!

Қаулы заңды күшіне енбеген

Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?