Жас балаларды байлап, пышақпен қорқытқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды. Аталған дерек бойынша Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов тапсырмасы мен полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, күдіктіні тұлға анықтап, аз уақыт ішінде  құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылдаған.

«Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті.
Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды»- деп мәлімдеді Бауыржан Аленов
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?