Елордалық ерлі-зайыптылар «мефедронмен» ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің басшысы Марат Түлеубаев хабарлады.

Арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері есірткі сатуға қатысы бар ерлі-зайыптыларды анықтады. 31 жастағы ер адамды жеке тінту барысында күртешенің ішкі қалтасынан бір полиэтилен байламы табылып, тәркіленді.

Оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар зат болған. Одан әрі тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде олардан электрондық таразылар, ерекше иісі бар ұнтақ консистенциясы бар зат салынған пакет, сатуға дайын отыз бес оралған пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген “мефедрон” салмағы 375,3 грамм болып табылған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?