Сот,  әріптесін абайсызда атып өлтірген полиция қызметкеріне үкім шығарды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Алмалы аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін,  ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады.
 2023 жылдың жазында сотталушы К. ғимаратты күзету мақсатымен, полициясы департаментінің ғимаратына келген. Сотталушының әріптесі қызметтік қаруды алғаннан кейін, белбеуін байлау үшін оны ұстауын К.-дан сұраған. Сотталушы К. өз кезегінде қызметтік қаруды қолына алып, оны қолданудың барлық ережелерін елемей, қаруды жоғары-төмен сермеуге кіріскен. Оның осы әрекеттерінің салдарынан сотталушы абайсызда қарсы тұрған әріптесінің басынан атып, соңғысы сол жерде жан тапсырғанын сот барысында анықталып өз дәлелін тапты.
Сот, сотталушы К.-ны кінәлі деп танып. ҚР ҚК-нің  104-бабының 1-бөлігі мен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын үшін 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін 3,5 миллион теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?