5 жыл бойы фермада еңбек етіп, “құлдықта” болған балаларға, Ұлытауға барып келдім- деп жаға ұстатар жағдаймен ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеме жасады
 Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделедік.
Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала — 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар.
Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларын көріп, шошиды. Денелері көгерген, әрі тыртыққа толы, жүп-жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген.
Балалардың үлкені – қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде “оқиды”. Органдар оқу орындарын тексерсе, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырған екен.
Қамқоршы қыз баланы жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан.
Белгілі болғандай, бұл қамқоршы жақында патронатқа алуға болатын басқа да балалар бар ма деп сұрастырған екен.
Қылмыстық іс тіркелді, сараптамалар жүргізілуде. Қазір балалар бірге қауіпсіз жерде. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі балаларға қолайлы жағдай жасау, көмек көрсетуді, балардың қайда тұратынын, қайда оқитынын жеке бақылауға алды. Басынан бастап балалардың қасында болған өңірлік уәкіл Гүлмира Алпысбайқызына және мәслихат депутаты Еркебұлан Бодықовқа алғыс айтамын.
Жалпы, жазда біз ІІМ, Прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп бүкіл ел бойынша пилоттық режимде жұмыс істейтін мобильді топтар құрдық. Олардың міндеті – зорлық-зомбылыққа ұшыраған, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды жедел түрде анықтау. Көп ұзамай бұл механизм Президент тапсырмасымен әзірленген Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы аясында алдын-алу құралы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекітілмек.
Ұлытау облысы
сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?