Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҰҚҚКБ қызметкерлері Іле ауданында орналасқан «Сорбұлақ» жасанды көлі аумағында 21 жастан 45 жасқа дейінгі он бір адамнан тұратын қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов мәлімдеді.
Олардың «қытай» өндірісінің тыйым салынған торларын қолдана отырып, балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқаны белгілі болды. Браконьерлерден үш тоннаға жуық «сазан» балығы, жүзу құралдары мен браконьерлік аулаудың әртүрлі құралдары, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері тәркіленді.
Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіру, атыс қаруын заңсыз сақтау түріндегі қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Істің негізгі фигуранттары УҰИ-ға қамаққа алынды.
Жоғарыда аталған көлде балық ресурстарын өндіру ұйымдасқан сипатқа ие болғанын және елдің әртүрлі аймақтарына тұрақты негізде тарату жүзеге асырылғанын атап өтеміз. Тек тәркіленген балық бойынша ғана мемлекетке 17 млн. теңгеден астам соммаға материалдық залал келтірілгені анықталды.
Қазіргі уақытта істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?