Әлеуетті жәбірленушінің WhatsApp — мессенджеріне бейтаныс адамнан немесе алаяқтар бұзып алған сенімді контактіден, сілтемеге өту арқылы дауыс беру, лайк қою, пікір жазып кету, ұтыс ойынына және сауалнамаларға қатысу туралы өтінішпен хабарламалар жіберіледі.

Осылайша, бұл «клик» қаскөйлерге жәбірленушінің есептік жазбасына қол жеткізуге мүмкіндік береді, демек оның атынан барлық контактілеріне осыған ұқсас хабарламалар жіберіледі деген сөз.
Әрі қарай, қылмыстық әрекет келесідей өрбиді: бұзылған ватсапп арқылы алаяқтар барлық контактілерге үшінші адамдардың жалған есепшоттарын көрсете отырып, әртүрлі сылтаулармен қарызға ақша бере тұруын сұрайтын мәтінді жібереді.
Полиция ескертеді: күмәнді сілтемелерді баспаңыз және жеке деректеріңізді енгізбеңіз.
Егер сіз асығыста алаяқтың өтінішін орындадым деп күдіктенсеңіз, қосымшадағы «өзгертулерге» кіріп, содан кейін «байланысты құрылғыларға» өту арқылы WhatsApp -акаунтыңызға параллель кірудің бар-жоғын тексеруге болады.
Осы қойындыда сіз байланыстырмаған белгісіз құрылғы болса, бұл сеанстан дереу шығыңыз.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?