Алматыда қоғамдық көліктен орындықтар ұрланды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров мәлімдеді.
Жеке автопарктің қызметкері осындай ұрлық жасауға бел буған.
Белгілі болғандай, түнгі уақытта ол жөндеудегі бірнеше қоғамдық көліктің орындықтарын шешіп алып, тіпті бір данасын 35 мың теңгеге сатып үлгерген.
«Автопарк әкімшілігінен сигнал мен мәлімдеме түскеннен кейін жедел-тергеу тобы жіберілді. Күдікті бірден ұсталды. 34 жастағы автопарк қызметкері қылмысын мойындады. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктінің жеке басы басқа да ұрлық деректеріне қатысы бар-жоғына тексерілуде», — деді, Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерік Қойбақов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?