«Сәлемдемелер» Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген — деп хабарлады ҚР Қаржы мониторинг агенттігі

Психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп-тексеруде.
Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді.
Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.
Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?