Журналисттерге қоқанлоққы жасаған үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту қажет!- деп, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек,  журналистерге қатысты  ұсынысы туралы әлеуметтік желі арқылы өзінің фейсбук парақшасында жазба жариялады.

Достар, әріптестер осы аптада «Масс-медиа туралы» заң жобасының ең соңғы жұмыс тобы жиналыстары болмаса, бірақ та заң жобасын аяқтайтың кезеңге жетіп қалдық!
Жұмыс тобы менің журналисттерге қоқанлоккы жасап қызметіне кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты күшейтуге байланысты Қылмыстық кодексінің 158 бабына тиісті ұсынтарымды қарады. Менің ұсыныстарымды Бас прокуратура менімен бірге 1 ай бойы талқылап ұсынысқа сай, 158 бапта 45 тәулікке дейін қамаудың орнына 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына белгілеу қарастырылып жатыр. Бұл ұсынысқа Үкімет өкілдері мен министрлік өкілдері түбегейлі қарсы шықты. Олардың пайымдауынша кішкентай қоқан локкы үшін бас бостандығынан айыру қажет емес, айыппұл төлеткізген дұрыс болар деп ұсынып отыр. Өкініштісі өкімет өкілдерінін сөзін кейбір БАҚ ассоциацияларының өкілдері қолдап отыр.
Әзірше ұсыныстарымды жұмыс тобы доработкаға қалдырып келесі аптада қайта қарайтын боламыз.
Журналисттердін құқығы мен бостандығын шынайы сөз жүзінде емес, іс жүзінде қорғау керек. Заңмен қорғалған журналист сөз бостандығы үшін барын салады, қорғалмаған журналист жүйенің жемі болады!
Менің ұсынысыма қолдау көрсеткен, бүкіл журналист қауымына қолдау көрсеткен әріптестерім Ринат Зайытов, Сергей Пономарев, Жарқынбек Амантайұлы әріптестеріме өзім және халық атынан ризашылығымды білдіремін!
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?