Қамысты аудандық сотында ашық сот процессінде пробациялық бақылауда тұрған сотталушылардың қатысуымен ҚК-нің 188-бабы 3-тармағының 3-бөлігі-қоймаға заңсыз кіріп бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау бойынша К.-ға үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Қостанай облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын бірнеше рет сотталған, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан және пробация қызметінде бақылауда тұрған К., 2023 жылдың қазан айында Қамысты ауданының Ливановка ауылында шаруа қожалығына тиесілі машина-трактор шеберханасынан 85 литр мотор майын ұрлап, жәбірленушіге жалпы сомасы 230 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.
Кейіннен ұрланған мүліктің бір бөлігі жәбірленушіге қайтарылды.
Сот барысында К.-ның жасады делінген қылмыстық әрекетті бойынша  кінәсі өз дәлелін тапты деп санаған судья , К-ні кінәлі деп танып және үкімдердің жиынтығы бойынша оған орташа қауіпсіздік ҚАЖ-да жазасын өтей отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Жәбірленушінің азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?