Жоғарғы Сот бизнестің құқығын қорғады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады ҚР Жоғарғы Сотына  сілтеме жасап.
 Жоғарғы Сотта «Альянс-Газ» ЖШС-нің кассациялық шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.
​Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы ЖШС-нің үстінен нысанды өз бетінше салған құрылыс деп тану, жауапкердің қаражаты есебінен автогазын толтыру стансасын бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген болатын.
Бірінші сатыдағы сот нысанды рұқсатсыз салынған құрылыс деп тану талаптары бөлігінде іс жүргізуді тоқтатқан, өйткені Заңда мұндай мазмұндағы талап қоюларды қарау көзделмегені;
Талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандыра отырып, сот Серіктестік АК-ның 244-бабының 1-тармағына сәйкес рұқсат етілмеген құрылысқа қатысты ғимарат құрылысының заңдылығын растайтын дәлелдемелерді ұсынбағанын негізге алғаны;
Сонымен қатар, сот талап қоюшыға және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына қатысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы саласында өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше орындамауына байланысты жеке ұйғарым шығарғанын көрсеткен.
Апелляциялық сатыдағы сот соттың қорытындыларымен және қабылданған сот шешімдерімен келіскен.
Алайда Жоғарғы Сот сот шешімдерінің күшін жойды және талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарды.
«Альянс-Газ» ЖШС-нің өтінішхаты қанағаттандырылды.
Бұл ЖШС 2016 жылғы 9 желтоқсандағы сатып алу-сату шарты негізінде жанармай құю станциясының иесі болып саналады.
Қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан 2019 жылдың қыркүйегінде жүргізілген тексеру барысында ЖШС қолданыстағы жанар-жағармай құю станциясының ғимаратында қайта жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталған.
Алайда, бақылаушы орган рұқсат етілмеген құрылыс ретінде ғимаратты түгелдей сот арқылы бұзуды талап еткен, ал үй-жайлар оған жатпайды, себебі, ЖШС-да құқық белгілейтін құжаттар бар.
Серіктестік 600 мыңнан астам сомаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
1) автогаз үшін цистернаны реконструкциялау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) басталғаны туралы хабарламасыз және шаруашылық жүргізу құқығымен жобалық-сметалық құжаттамасыз жанар-жағармай құю станциясының тұрғын емес үй-жайларында ҚМЖ-ын жүргізгені үшін;
2) бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындамағаны кассациялық сатыда назарға алынды
Істі қарау кезінде төрағалық етуші Н.К.Шәріпов ЖШС аталған жер телімінің иесі екенін атап өтті. 1999 жылдан бері жұмыс істеп тұрған жанар-жағармай құю бекеті өз шегінен шықпаған. Меншік иесінің құқығын ешкім жоймағанын деп даулы іске нүкте қойылды.
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?