Түлкібас аудандық соты, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің азамат «К» қатысты шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн орындау туралы ұсынысы қаралды.

Сотқа ұсынылған құжаттарға сай, азамат «К» 2013 жылы 14 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған, 2022 жылы жазасының қалған 4 жыл 7 ай 18 күн мерзімін құрайтын өтелмеген бөлігін өтеуден, мерзімінен шартты түрде босатылғаннан кейін ішкі істер органдарының бірнеше рет жасаған ескертулеріне қарамастан, құқыққа қарсы өмір сүруді жалғастырып, құқық бұзушылықтарға  жол бергені көрсетілген.

Атап айтқанда, өзінің туған анасы мен қарындасының ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, қорқытып, үрей тудырып, отбасы тыныштығын бұзған және алкогольдік масаң халде қоғамдық орында жүрген.

Сотталған «К»-нің туған әкесі өзінің I-топтағы мүгедек екенін, жасы 70-ке жақындағанын, ұлы, түрмеден шығып келгелі өзіне тисетінін, өзіне қол жұмсап ұратынын, үйде айқай шу шығарып анасын, қарындасын балағаттайтынын, өздерін өлтіріп қояма деп үнемі үрейде отыратынын айтып, баласын қайта бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталған «К» сот отырысында ұсыныста көрсетілген мән-жайларды растап, өзінің ішімдікке әуес еместігін, әкесін ұрмайтынын, әкесінің айтқан сөздерімен келіспейтінін, өзінің үйге көмектесетінін айтып, соттан кешірім сұрады.

Сот қаулысымен, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ұсынысын, Түлкібас аудандық сотының судьясы Ақмарал Муханова қанағаттандырды.

Сотталған «К» шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшi жойылып және жазаның қалған өтелмеген 4 жыл 7 ай 18 күн мерзіміне қайтадан қамауға алынды.

Түркістан облысы

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?