Шымкент қаласының  қылмыстық істер  жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Жанат Мүсірәліқызының өзінен сұхбат алынып, сот жүйесіндегі қылмыстық істер туралы сөз өрбітілді.
Жалпы халықтың соттарға деген сұрақтары мен кейбір адамдардың наразылықтары көп екенін ескере келе, соттардың ашықтығын және халыққа түсініксіз болған немесе білуі тиіс жәйттерді жеткізу мақсатында, «Тағдыр таразысы» бағдарламасының судьяларға қытысты бөлігінде,  судьялармен сұхбаттар жүргізіліп, халықтың түсінбеген түйіндері мен сұрақтарына жауап іздеп адамдарға жеткізуді мақсат етіп «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі тарапынан  арнайы жоба жасалынды.
Жоба үш бағытта жұмыс жасайды:
1) Судьялармен ашық сұхбаттар жүргізу
2)Түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жайкүйі мен олардың өкініштері туралы
3) Заңсыз сотталып немесе жаланың құрбанына айналғандардың жанайқайына құлақ асу
Жобаның мақсаты:
Мемлекеттің атынан үкім, шешім шығаратын судьялардың халыққа ашықтығы, халықтың сот жүйесі мен судьяларға деген көз қарастарын жақсарту мақсатында судьялармен сұхбаттар  жүргізіліп, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және судьяның аталған құқық бұзушылық әрекетіндегі сот барысындағы судьяның рөлін түсіндіру.
Сотталған адамдардың өзінің қасақана немесе абайсызда жасаған құқық бұзушылықтарына өкініш білдіретіні, жасалынған құқық бұзушылықтардың жазасы қандай екенін өзгелерге сабақ болу мақсатында өкініштерін бажайлау.
Жаптым жала, жақтым күйе құрбанына айналғандардың құқықтарын қорғау және араша түсу болып табылады.
Алайда қоғамда қозғалып жатқан мәселе көп. Соның бірін алатын болсақ, бұл сот жүйесі мен адамдардың арасындағы дау. Дау мен адамдар арасындағы түсініспеушілік баяғыдан бар құбылыс. Пендешілік қой. Дегенмен адамның адамға жаны ашымаса, адамға аңдардың жаны ашымайтыны анық!
Бұл жобаның бастамасыда адамдар арасындағы дауларды партисипативтік және медиация келісімдері арқылы шешімі бар екенін адамдарға жатығы мен жеткізу мақсатында, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы мен сұхбат жүргізілді. Судья Жанат Мүсірәліқызы, қылмыстық істе медиация келісімі жасалатын мүмкіндіктер бар екені және адамдардың алаяқтарға алданып істі болып жататыны туралы баяндады.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің «Тағдыр таразысы» атты бағдарламасында, Шымкент қаласының судьясы  Жанат Мүсірәліқызының сұхбатын сілтемеден көріңіздер:

Құрметті оқырмандар!
Судьяларға сұрақтарыңыз болса немесе жала құрбанына айналған жандардың жанайқайлары болса, біздің бағдарлама арқылы баяндауға мүмкіндіктер жасалынған.
Байланыс үшін:
WhatsApp: 8747 353 45 45
почта: astarlyakikat@mail.ru

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?