Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен алқабилер алқасының қатысуымен азамат «С.»-қа қатысты көлiк құралын басқаратын адамның алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне алып келген іс-әрекеті бойынша тағылған айыппен, ҚР ҚК-нің 345- бабы 1- 4бөлігі бөліктері мен айып тағылып,  қылмыстық іс қаралды.
Тағылған айыпқа сәйкес, «С.» 2022 жылы қазан айының 7-нен 8-не қараған түні тергеумен анықталмаған уақытта қөлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, мемлекеттік тіркеу нөмірі 189/ADV/09 «Audi 100 C4» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, осы автокөліктің алдыңғы жолаушы орындығында отырған «Т.» және автокөліктің артқы жолаушылар орындығында отырған «Д.» үшеуі алкогольдік масаң күйде, қауіпсіздік белдіктерін тақпай Жәйрем кентіне қарай жолға шығып бара жатқанда, «Қаражал-Самал» тас жол бойының 61-шақырымында автокөліктің басқару құрылғысына ие бола алмай, Жол жүрісі қағидалары талаптарын өрескел бұзып, аударылып жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан абайсызда автокөліктің жолаушылары «Т.» пен «Д.» алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Алқабилер қатысатын сотта қылмыстық істі сот тергеуінде қарау нәтижесі бойынша, сотталушы «С.»-қа айыптау тарапымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігімен тағылған айып бойынша, оның осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысуы дәлелденбегендігі негізінде, алқабилермен оған қатысты ақтау кесімі қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 4-тарауының талаптарына сай, ақталған «С.»-тің қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеткізу құқығы танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұлытау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?