2014 жылдың күз мезгілі айларының бірінде Акбар Ерметовтің басқаруындағы көлік үлкен жолда апатқа ұшырайды. Апатқа ұшыраған Акбарды өзінің көлігі үстінен басып, астында жаншылып қалады. Жолда өтіп бара жатқан жолаушылар оқиға орын алған жерге тоқтап, жиналады. Адамдар Акбарды көлік астынан шығаруға талпынбайды. Себебі, жиналған жұрт көліктің астында қалып қойған Акбарды мерт болды деп ойлайды және машина жарылып кете ме деген оймен жақындауға қорқады. Сол сәтте жолда өтіп бара жатқан жол патрульдік полициясының аға сержанты апатты байқай салысымен көлігін тоқтатып, жараланған адамдар болса құтқарып алу керек деген оймен бірден аударылған көлікке ұмтылады. Көліктің қасына жақындаған полицей көлік астында ес түссіз жатқан ер азаматты көріп, шығарып алмақшы болады. Полицейдің әрекетін байқаған адамдар оған көмек қолын созады. Барлығы жабылып темір тұлпардың астынан Акбарды суырып алады. Қырағылық танытқан тәртіп сақшысы Бақытжан Танкибаев Акбарды тездетіп көлігінің артқы орындығына жатқызып, өмірін сақтап қалу үшін қызметтік көлігімен ауруханаға жүйіткиді.

«Ойымда тек адам өмірін сақтап қалу ғана тұрды. Басқа ештеңені ойламадым. Көлігімді зуылдата айдап көзіме ештеңе көрінбеді, бар ойым артқы орындықта қансырап жатқан Акбарда болды. Қалайда ауруханаға уақыт жоғалтпай жеткізу еді» дейді батыр полицей. Осылайша тәртіп сақшысы ешкім байқамаған, қаза болды деп санаған адамды санаулы уақытта байқап, құтқарып қалды. Бес жерінен денесінің сүйектері сынып, жан сақтау бөлімінің төсегінен бірақ шыққан Акбар қазіргі уақытта батыр полицейдің арқасында дін аман. Ата-анасы мен бауырларының, ұл-қыздарының алдында аман-есен жүр. Өзінің өмірін сақтап қалған полицейге әлі күнге дейін алғысым шексіз дейді.

Қырағылық танытқан қайсар тәртіп сақшысының бұл әрекеті өскелең ұрпаққа өнеге, жастарға үлгі боларлығы анық.

Негізі Бақытжан өзінің бұл әрекеті туралы ешкімге айтпаған. Полицияға разы болған Акбардың өзі алғысын білдіру үшін ауруханадан шыға салысымен Бақытжанды іздестіріп тауып, өз ризашылығын жаудырған.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?