Техника мен қазіргі заманауи аппаратураның тұрақты дамуына қарамастан, күн сайын қылмыстарды ашудағы қызметтік иттердің рөлі артып келеді. Жануардың тұмсығы адамның мұрнына қарағанда он мыңдаған көп иісті ажырататыны таңқаларлық нәрсе. Бұл қасиет қылмыстарды «ізін суытпай» ашуда өте қажет.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығында кинологтар иттерді өздерінің жалпылай іздестіру бейіндері бойынша, жарылғыш, есірткі және психотроптық заттарды, қаруды іздеу үшін, патрульді-бекеттік және айдауылдау- қарауылдық қызметті атқаруға дайындайды. Адам өлтіру, тонау, ұрлық, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздеу- осы істердің кез келгенін ашуда қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтар үлкен көмек көрсетуде.

Мәселен, 2018 жылы қызметтік иттердің көмегімен 255 қылмыс ашылып, 400 келіге жуық түрлі есірткі, оның ішінде сегіз келіден астам героин табылды. Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында қызметтік-іздестіру иттері 32 қылмысты ашуда басты қатысушы болды, оның барысында 78 келіден астам есірткі заты табылды.

Орталықтың мамандарының қамқорлығындағылар арасында неміс және бельгиялық овчаркалар, лабрадорлар, спаниел секілді алуан түрлі тұқымдас иттер бар. Орталықтың қызметкерлері осындай серіктерімен бірге үнемі қызметтік іссапарларға да шығады. Өз кезегінде, кинолог-мамандар өзі дайындаған қызметтік иттердің иіс сезу қабілетін іс барысында тиімді пайдалануға мүдделілік танытуда.

Кинологиялық қызмет орталығында 12 кинолог жұмыс істейді. Орталықка полиция подполковнигі Юрий Наливкин жетекшілік жасайды, ол тәртіп сақшыларына төрт аяқты жануардың көрсетер жәрдемі маңызды рөл атқаратынын жақсы біледі, сондықтан баптау мен үйрету жүйесіне үнемі үлкен күш жұмсалу керектігіне үнемі назар аударады.

— Кинолог маман үшін ең бастысы- иттерді жақсы көру, түсіну — дейді Юрий Петрович. — Ит – қызметтегі ең сенімді серігің. Онымен жұмыс істеу үшін тіл табыса білуің керек. Өйткені, жан-жақты дайындықтан өткен кинолог мамандар ғана қылмыстың ашылуына септігін тигізеді. Ит иіс сезу арқылы бізге қару-жарақты, жарылғыш заттарды және есірткі құралдарын анықтау мен іздестіру кезінде көмектеседі. Әрбір иттің өз мінезі бар, әрқайсысына жеке көзқарас қажет.

Және онымен келіспеу мүмкін емес, себебі кинолог төрт аяқты серіктесімен бірлесіп жұмыс істеуі керек.

Халықтың көп шоғырланатын жерлерінде патрульдеуге жуас иттер жіберіледі, ал қабаған болмаса шабуыл жасауға жүйкесі мықты иттер аса қауіпті қарулы қылмыскерлерді ұстау кезінде қажет. Шағын спаниелдер есірткіні іздеу кезінде өте ыңғайлы, әсіресе тауар тиелген үлкен жүк көліктерін, жолаушылар автобустарын тексеру кезінде пайдаланылады. Ал жарылғыш заттарды табатын иттердің мінезі салмақты болғаны жөн, себебі жарылғыш затты іздеген кезде

алдымен сақ болу ескеріледі. Ал есірткіде керісінше тыным таппай іздеу жүргізу керек. Олар осы секілді арнайы мінездеме бойынша ажыратылады.

Қазір тәртіп сақшылары өздері күшіктерді өсіріп, таңдайды,ал кинологиялық ғылымның жұқа қырларын оқып, үйренуге орталыққа бүкіл Қазақстаннан полиция қызметкерлері келеді. Ол түсінікті де, өйткені Жамбылдағы Кинологиялық орталық елдегі ең үздік болып саналады, ал ондағы иттерді таңдағанда да дәл маман секілді тексеруден өтіліп алынады. Итке қойылатын басты талап жүйке жүйесінің мықты болуы, себебі әртүрлі жағдайлар болады, олар кез-келген сынға төтеп бере алатындай болуы қажет, мұндағы төрт аяқты серіктер үнемі түрлі конкурстарға да қатысады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?