Тараз қаласы Полиция басқармасында 22 Наурыз — «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының Жамбыл облыстық филиалының бас сарапшысы А. Тапаева, Тараз қ. ПБ басшы және жеке құрамы қатысты.

Шара барысында «Наурыз мерекесін» өткізудің тарихы мен әр халықтың дәстүрлері туралы дәріс оқылды, сондай-ақ 26 қызметкерге «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметтері үшін» 2, 3-ші дәрежелі медальдар табысталды.

Сонымен қатар, Тараз қаласы Полиция басқармасында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау дәстүрге айналған. Осы тұрғыда Тараз қаласы Шөлдала елдімекенінің тұрғындары, 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына қажетті азық-түліктермен көмек көрсетілсе, Полиция басқармасының бес техникалық жұмысшыларына материалдық көмек берілді.

Өз кезегінде «Батыр ана» Тараз қаласы Полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамына аналық алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Аталмыш іс-шара бөлімшелердің салтанатты саптық шеруімен аяқталды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?