Наурыз айында ағаш отырғызу атадан балаға мирас болып келе жатқан өнегелі үрдістердің бірі. Мұндай көпке ортақ қайырлы іспен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Тараз қалалық №1 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы да жыл сайын айналысуды әдетке айналдырған. Иә, болашақта өрт сөндірушілердің қолымен отырғызылған ағаш көшеттері үлкен тоғайға айналып кетсе таңғалмаңыз. Сонымен қатар әлгі отырғызылған ағаш көшеттерінің ішінде жеміс талдары да жетерлік. Әне-міне дегенше жеміс талдарының жемісінен де дәм татар шақ алыс емес. Дегенмен дәл осы жолы жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші жеке құрамның ұйымшылдығымен жасалған ағаш отырғызу әрекеті де әп сәтте-ақ

аяқталды. Жалпы бөлім аумағын талғаммен көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес.

Лайым әрбір отырғызылған ағаш – әрбір өрт сөндірушінің күрделі қызметіндегі қол жеткізген жетістіктерімеғн қатарласа өсе беретініне біз бек сенімдіміз.

Халқымызда кез-келген жан артына бір тал ағаш отырғызып кетуі қажет деген жақсы бір тәмсіл бар. Міне осығане орай от жауынгерлерімен отырғызылған әрбір бұтақ жайқала өскен ағашқа айналса көңілге қуаныш ұялатпай ма?! Міне осылайша әрбір азамат осылайша табиғат байлықтарына қорғаушы болса, Отанына, туған жеріне деа қорғаушы болмақ.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?