«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылдың 30 наурызында (Нұр-Сұлтан» қ. уақыты бойынша) сағат 15-00-де халықаралық ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді сатып алу жөнінде өтініштерді қабылдауды бастайды.

Таңдау мақсатында сатып алушыларға ауданы 39,6 м2 -дан 123,4 м2 дейінгі 1-, 2-, 3- и 4-бөлмелі пәтерлер ұсынылады. Пәтерлердің шаршы метрі — 399 900 теңгені, ал көлік тұрағының орны – 735 000 теңгені құрайды.

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлерді алдын ала пәтер бағасының 20% мөлшерлі жарнасын төлеу арқылы 3 жылдық үстемақымен 12 жылға бөліп төлеу жүйесі бойынша сатып алуға болады. Бөліп төлеу көлік тұрағын алуға қолданылмайды, аталмыш механизм аясында тек 1 пәтер алу шарт және жүйе өтініш берушінің 70 жасына дейін шектелген.

Бөліп төлеу арқылы сатып алушы келесідей міндеттерді орындауы тиіс: 1) Digital Baiterek порталында http://digital.baiterek.gov.kz/register сілтемесіне кіріп,

алдын ала тіркеліп, есеп жазбасын құру керек; 2) 2019 жылдың 30 наурызында сағат 15-00-де http://expo.baiterek.gov.kz сайтына

кіріп, онлайн жүйесінде пәтерді таңдап, брондау қажет. Брондау, өтініш беру мен ресімдеу кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында Google Chrome браузерін қолдануға кеңес береміз (қазіргі уақытта сайт демоверсия жүйесінде қолжетімді. Пәтерлердің ішкі құрылымы мен өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді http://expo.baiterek.gov.kz/ru/calculator калькуляторы арқылы тексере аласыз);

3) Пәтер таңдалып, брон жасалғаннан кейін өтініш беруші Digital Baiterek

порталынының автоматтандыру парақшасына автоматты түрде қайта бағытталады. Мұнда өтініш беруші өзінің логині мен құпия сөзін есеп жазбасына енгізуі шарт. Осыдан сатып алынатын пәтерге алғашқы төленетін жарнаны көрсету арқылы өтінішті толтырып, қайта қарауға жібереді. Өтінішті ресімдеп пәтерді брондау кезінен бастап 30 минут уақытта жіберу қажет;

4) Өтініш жіберілгеннен кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне 2 күннен кейін

қаржылылық мүмкіндігіңізді бағалау бойынша 5000 теңгені төлеу туралы хабарландыру жөнелтіледі. Өтініш беруші төлем жасап, түбіртектің көшірмесін хабарландыру мерзіменен кейін 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинет арқылы кері жіберуі керек.

5) Анықтау сервисі арқылы өтініш беруші өзінің ұялы телефонынның нөмірін растау

қажет. Ол үшін өтініш беруші өзінің жеке кабинетінде «Нөмірді растау» тетігін басып, содан кейін өтініште көрсетілген нөмірге SMS-хабарлама жіберіледі. Одан келген мәліметтерді жеке кабинеттегі сәйкес өріске енгізу міндетті (өтініште ҚР-дағы мобильдік операторлардың нөмірін көрсету қажет).

6) Қаржылық мүмкіндігіңізді бағалау жөнінде төлем жасалғаннан кейін өтініш

берушінің жеке кабинетіне қаржылық мұмкіндікті тексеруге қатысты хабарлама келеді.

Қаржылық мүмкіндік онлайн жүйесінде жүзеге асырылады. Сәйкес интернет ресурс сілтемесі хабарламада көрсетіледі. Қаржылық мүмкіндіктерді бағалау рәсімін өту үшін өтініш беруші мен жұбайының (жолдасы) электронды-сандық қолы қажет. (ЭСҚ ХҚКО-нде беріледі).

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңына сәйкес Бірыңғай зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап формалы киімді киген, сананттағы шендер, арнайы атаққа құқылы тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік қызметті, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (мерзімді әскери қызметкерлерден бөлек) әскери қызметкерлер санатына кіретін өтініш беруші (жұбайлары) «Бәйтерек девелопмент» АҚ қосымша келесідей құжаттарды ұсыну керек: жұмыс орнынан анықтама, төлеу шаралары көрсетілген (екінші деңгейлі банк, касса арқылы) 6 ай ішінде алғын еңбекақы жөнінде анықтама, екінші деңгейлі банктен төлем жүргізілген жағдайда 6 ай ішінде алған еңбекақысының көрсеткіші туралы екінші деңгейлі банктен карточкалық есебі бар көшірімін тапсыру керек.

Өтініш беруші міндетті түрде қаржылық мүмкіндігі жөнінде бағалау қызметінен өтіп, нәтижесін жеке кабинет арқылы (мүмкін болған жағдайда анықтаманың түп-нұсқасын) хабарлама келген күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде «Бәйтерек девелопмент» АҚ мекен-жайына жіберуі шарт.

7) Қаржылық мұмкіндігі расталғаннан кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне

өтініште көрсетілген алғашқы жарнаны төлеу туралы хабарлама келеді. Хабарлама келген күннен бастап өтініш беруші төлем жүргізіп, түбіртектің көшірмесін 5 күн ішінде жеке кабинеті арқылы жіберуі қажет;

8) Бірінші жарнаны төлегеннен соң өтініш беруші сатып қабылдап алу-тапсыру мен

сатып алынған жылжымайтын мүлікке кепілдік жөнінде келісімшарт жасасады;

9) Келімшартқа қол қойған күннен бастап 3 күн ішінде «Бәйтерек девелопмент» АҚ

шотына 3 айлық мөлшердегі кепілдік жарнаны жіберіп және бірінші айлық төлемін жүргізу керек;

10) Бөліп төлеу мерзімінде сатып алынған пәтерді сақтандырып, алып-тапсыру актісі

бойынша қабылау қажет.

«EXPO Residence»-тің әлеуетті сатып алушыларының қолайлығы үшін сатып алынатын пәтерлерге қатысты бөліп төлеу төлемдерін Homebank (https://homebank.kz/#/ ) және «Қаржылық қызметі» бөліміндегі интернет банкингінің сервисі арқылы іске асыруға болады.

Пәтерлерді бұрын қолданыста болған механизмдер арқылы сатып алуға болады. Яғни пәтерді қолма-қол ақшаға, екінші деңгейлі банктерден несиені рәсімдеу тәсілі арқылы ала алады. Сонымен қатар Қоғам пәтерлерді мемлекеттік «7-20-25», («Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) «Өз үйім» мен («ҚИК» АҚ) «Орда» бағдарламалары арқылы да қол жеткізуге болады. Ол үшін пәтерді онлайн жүйесінде таңдау мен брондау кезінде өзіңізге ыңғайлы төлем жүйесін таңдау керек.

Түрғын үй кешенінде Шоу-рум жұмыс жасайды. Әлеуетті сатып алушылар келіп, пәтерлердің ішкі құрылымымен танысып, өздерін қызықтырып жүрген сауалдарына кеңес ала алады. Шоу-рум Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 60 үй (№№ 6 и 10 корпустары) мекен-жайында орналасқан. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағ.9:00-ден 19:00-ге дейін, демалыс/мереке күндері сағ.10:00-ден 16:00-ге дейін (түскі үзіліссіз).

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен пәтерді сатып алу жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Call-орталығы 8 800-080-01-01 (жұмыс күндері сағ.9:00-ден демалыс күндері 9:00-ден 15:00-ге дейін) хабарласуға болады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі. Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?