Заңгер Сардар Әбдіжақия сотталушының ине мен қасық жұтып сотқа қатысқаны туралы жазба жариялады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сотталушы, қасықпен ине жұттым деп айтқанына 1 тәуліктен асты. Ішіндегі жұтқан темір затпен кеше сот отырысна қатысқан.
Қадағалау органы тарапынан, не адам құқықтары бойынша уәкіл келіп, не болғанын сұрап жатқан жоқ деседі. Прокурор соттың ісіне араласа алмайтын секілді. Ал судья адамның үкімін оқуға асығып жатырма, әлде оның өлгенін күтіп отырма, ол жағы маған белгісіз. Себебі менде соттың ісіне араласа алмаймын. Мұндай пікір айтуымнан себеп, ине мен қасық жұтқаны туралы, сот ісін жүргізіп жатқан судья Құрамысов бұл жағдайдан хабардар.
Адам құқықтары бойынша өкілде, жергілікті прокурорда қарасын көрсетпеген көрінеді. Алайда ине мен қасық жұттым деген адам, жұтқан заттары мен әлі жүр. Жүргені мұнда тұрсын Шымкент қаласындағы тергеу изоляторынан Түркістан облысы Кентау қаласында жүріп жатқан сот отырысына барып келді.
28- сәуір күні Кентау қаласында рентген жасалынып ине мен қасық жұттым деген азамат Мұхтар Сыздықовқа «рентген признаки инородного тела области толстой кишки справа» деп жазып берген.
Бүгін сотталушының адвокаты тартысып жүріп, өзінің қорғауындағы М.Сыздықовтың өміріне алаңдап, рентгеннен өтуіне мүмкіндік алды.
Рентген суреттерінде жүрек тұсында инеге ұқсас темір зат және ішінде қасыққа ұқсас темір заттың тұрғанын байқауға болады. Ал дәрігердің жазбасында, «На обзорной рентгенограмме органов брюшной полости в прямой проекцииопределяются плотные тени в правой половине брюшной полости металлической плотности размером 14 см слева на уровне Th XI заднего отрезка размером 4 см»- деп жазып берген.

Бұл бойынша прокурор хабарар, судья хабардар, әлеуметтік желідегі адамдар хабардар. Бірақ еш қандай сұрау жоқ әзірге.
Ине жүрегіне шаншып. соттаймыз деп жатқан адамымызды өлтіріп алмасақ игі еді.
Ескерген жөн. Бұл азамат қанқысымы және инсулинге тәуелді диабетпен есепте тұрады.
![]()

