Қазақстанда заңсыз қару айналымына қарсы ауқымды жедел іс-шаралар жүргізіліп, ондаған қару мен оқ-дәрі тәркіленді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, биылғы тамыз айында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 12 өңірінде арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген.
Нәтижесінде барлығы 56 қару-жарақ тәркіленді. Олардың арасында 4 автомат, 34 мылтық және 18 тапанша бар. Бұдан бөлек, 13 граната мен 314 оқ-дәрі алынған.
Қазіргі уақытта анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.
![]()
