Шахтинск қаласында полицейлер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал қауіпті жағдайдың алдын алды.
2 қыркүйекте полицияға К. Маркс көшесіндегі үйлердің бірінде тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары пәтерде болған 33 жастағы ер адамның газ баллонын жарып жіберетінін айтып, қорқытып жатқанын анықтаған.
Қауіптің қаншалықты шынайы екені белгісіз болғандықтан, полицейлер тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, подъездегі 35 адамды дереу эвакуациялады. Сонымен қатар ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды.
Полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде ол пәтердің есігін өзі ашқан. Ер адамның мас күйде болғаны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Пәтерді тексеру барысында газдың иісі немесе нақты қауіптің белгілері анықталмаған.
Оқиғаға байланысты ер адамға қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды. Тексеру аяқталғанға дейін ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.
Бұл жағдайда полицейлер қауіптің жүзеге асуын күтпей, тұрғындарды алдын ала қауіпсіз жерге шығару арқылы ықтимал ауыр салдардың алдын алды. 35 адамның қауіпсіз эвакуациялануы – төтенше жағдайда жедел әрі сақ әрекет етудің маңызын көрсетеді.
Қарағанды облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *