Қызылордада полиция қызметкерлері алыс сапардан шаршаған шетелдік азаматтарға көмек қолын созды.Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Қытай Халық Республикасынан Португалия Республикасына жолға шыққан шетел азаматтары Қызылорда қаласына келген кезде қатты шаршағандарын айтып, Жаппасбай батыр көшесі бойында полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері олардың өтінішіне бейжай қарамай, қажетті қолдау көрсетті. Саяхатшылардың демалып, тынығуына жағдай жасау үшін қонақ үйге орналасуына ықпал етті. Бейтаныс елде жүрген адам үшін дер кезінде көрсетілген қарапайым көмектің өзі үлкен қолдау. Полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті қызметтік міндетпен ғана шектелмей, адамгершілік пен жанашырлықтың жақсы үлгісін көрсетті.
Шетелдік азаматтар өздеріне көрсетілген қамқорлық үшін Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Осындай сәттер елге келген қонақтардың Қазақстан мен оның халқына деген жақсы әсерін қалыптастырады.
Қызылорда облысы
![]()
