Полиция инспекторы қайтыс болды. Бұл туралы заңгер Сардар Әбдіжақия жариялады.
Полицияға сын айтуға болады. Бірақ полицияны өлтіруге ешкімге құқық берілген жоқ- Сардар Әбдіжақия
Полицияны сынайтын жерде сынаймыз. Заңсыздық жасаса, жауапқа тартылуын да талап етеміз. Бірақ тәртіп сақшысын өлтіру- ешқандай ашумен де, өшпенділікпен де ақталмайтын жауыздық!
Өкінішке орай Қызылорда облысының Арал ауданында 38 жастағы учаскелік полиция қызметкері Мырзажан Жекеновтің мәйіті табылған. Таралған бейресми мәліметтерде оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болғаны айтылуда.
Ал күдікті іздестіріліп жатыр екен.
Форма киген адамның да артында отбасы, бала-шағасы, ата-анасы бар. Біреудің өмірін қиып, артынан бой тасалау — батырлық емес, қорқақтықтың ең сорақы түрі. Жалпы алғанда тек полицейдің ғана емес, адам өмірін қиюға ешкімнің хақысы жоқ.
Егер іздеудегі күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған заң барынша қатаң жауап беруі тиіс.
Полицияға сын айтуға болады. Бірақ полицияны өлтіруге ешкімге құқық берілген жоқ!
Қан төккен қылмыстың ақтауы болмайды. Жауыздық жасаған адам жазасыз қалмауы тиіс!
Сардар Әбдіжақия
Қызылорда облысы
![]()
