Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысты күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұған дейін Арал ауданында тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынғаны, соның салдарынан полиция қызметкерінің көз жұмғаны хабарланған еді. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайлары әзірге жария етілмейді.
Сардар Әбдіжақия
Қызылорда облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *