Күндіз екеуі де ел тыныштығын күзетеді. Ал үйге келгенде олар жай ғана полиция қызметкері емес, бір шаңырақтың аяулы жары, кішкентай баланың әкесі мен анасы.
Шымкент полициясының қызметкерлері Әзірет пен Саяхаттың өмірінде қызмет пен отбасы қатар өріліп келеді. Үш жасар бүлдіршінінің күлкісі олардың ең үлкен қуанышы.
Елдің тыныштығын күзету оңай емес. Бірақ шаршап үйге келгенде балаң жүгіріп қарсы алса, бар ауыртпалық ұмытылады.
Қазақ «Отан отбасынан басталады» дейді. Осындай шаңырақтар көбейсе, елдің де іргесі берік болмақ.
Отбасы аман болса, ел де аман!
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы
![]()
