Астанада туристік полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде екі полиция қызметкері де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.
Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдегендей, қызметкерлер қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.
Полиция департаменті формалық киімдегі қызметкердің кез келген әрекеті қызметтік әдеп талаптарына сай болуы керектігін атап өтті.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті», деген түсініктеме берді ведомство.
Осылайша, әлеуметтік желіде кең тараған жағдайға қатысты қызметтік тексеру аяқталып, екі қызметкерге де қатаң шара қолданылды.
PS:

Сардар Әбдіжақия
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *