22 қыркүйекте түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзып, ағаш бұтақтарын сындырған жасөспірім ата-анасымен бірге полиция басқармасына жеткізілді.
Атырау облысының адвокаттар алқасына тиісті сұрау хат жолданып, жасөспірімнің ұсақ бұзақылық және селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілігі қаралуда.
Ал, баланың тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жасөспірімнің оқу орнына құқық бұзушылық жасағаны туралы тиісті ақпарат жолданады. Ол Ішкі істер органдарының есебіне алынып, полицияның бақылауында болады.
Полиция қоғамдық орындардағы әдепсіз әрекеттерге, азаматтардың тыныштығын бұзуға және көпшілікке құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін ескертеді. Қоғамдық тәртіпті бұзған әрбір тұлғаның әрекетіне заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.
Атырау облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *