Әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
23 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Анықталғандай, әйелге пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Алған жарақаттары салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды
Күдікті жедел түрде ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Таралып жатқан ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: күдікті полиция қызметкері емес.
Тергеу барысы Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Кінәлі тұлға заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.
Астана қаласы
![]()
