Шымкентте түнгі автокөлік жарысы мәремен емес, әкімшілік жауапкершілікпен аяқталды.
Полиция қызметкерлері қала аумағында көше жарысын ұйымдастырудың кезекті әрекетінің жолын кесті. Оқиғаға қатысы бар 2 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Құқық бұзушылардың қатарында Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны Абдилазимов Альакбар және 32 жастағы Әбдіманап Нұрболат бар.
Сот шешімімен екі азамат та 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Шымкент қаласы
![]()
