Төрт блогер қамауға алынды.
Тікелей эфирде «көңіл көтергіш газ» пайдаланып, балағат сөздер айтқан: Шымкентте төрт блогер қамауға алынды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлерімен TikTok желісінде төрт блогердің қатысуымен өткен тікелей эфир назарға алынды.
Тікелей эфир кезінде олар әдеп нормаларын бұзып, балағат сөздер айтып, «көңіл көтеретін газ» пайдаланған.
Анықталған азаматтар – «Белый тигр» деген атпен танымал Түркістан облысының тумасы 31 жастағы Аппаз Бексұлтан, «Сампо» атымен танымал Қызылорда облысының тумасы 22 жастағы Әмір Самат, Маңғыстау облысының тумасы 25 жастағы Жолдас Нұрғазы және Түркістан облысының тумасы 26 жастағы Жұмағұл Ерасыл – Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде болған.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен Аппаз Бексұлтан 17 тәулікке, Әмір Самат 5 тәулікке, Жолдас Нұрғазы 7 тәулікке, ал Жұмағұл Ерасыл 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *