Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау және қала инфрақұрылымының бүлінуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Кезекті профилактикалық жұмыстар барысында полиция қызметкерлері Сейфуллин көшесінде қоғамдық орында тәртіп бұзған азаматты анықтады. Ер адам көшеде орналасқан бірнеше қоқыс жәшігін аяғымен тепкен.
Оқиға бойынша 35 жастағы Астана қаласының тұрғыны Владимир Похилюк ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соттың шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау қажеттігін еске салады. Қала инфрақұрылымын бүлдіру және ортақ пайдаланудағы мүлікке зиян келтіру заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және елорданың ортақ мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.
![]()
