Ел 14 әскери қызметшінің қазасына қайғырып, қара жамылып отырған күні TikTok-тағы тікелей эфирде айтылған бір ауыз сөз көпшіліктің ашуын туғызды.
Көрермендердің бірі қаралы күн екенін еске салғанда, Шымкент тұрғыны Бердібай Нұрахмет «Біз үшін өліп пе?» деп жауап берген.
Қайғыны бөлісу үшін қаза тапқан азаматтардың туысы болудың қажеті жоқ. Олар әскери қызметте жүріп қаза тапқан осы елдің азаматтары еді. Ел аза тұтып отырған сәтте «бізге қандай қатысы бар» деген сарындағы сөз айту еркіндік емес, ең алдымен адамдық сыйластықтың шегін ұмыту.

Әлеуметтік желінің ар жағында отырмын деп ауызға келгенді айта беруге болмайтынын бұндай азаматтар қашан түсінер екен?
Сот шешімімен Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Эфирге бірге қатысқан Мусурманқұл Абзал мен Мустафа Бақдәулетке де ресми ескерту жасалған. Үшеуі бір ай мерзімге ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.
Қаралы күн біреудің ғана қайғысы емес. Мұндай күні ең болмаса үнсіздікке құрметпен қарау да адамдықтың белгісі.
Заңгер Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *