Қаралы күнгі әрекеті үшін 10 тәулікке қамалды
Петропавлда блогерге қаралы күнгі әрекеті үшін 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындалды
Полиция 25 қыркүйекте, жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желілердегі тікелей эфир барысында әрекеттеріне құқықтық баға берілген Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконы анықтады.

Осы факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, материалдар жинақтап, сотқа жолдады. 29 қыркүйекте сот әйелге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындады. Фактіге заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
Солтүстік Қазақстан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *