Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді
29 қыркүйекте Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы жағынан келе жатып, бағдаршамның рұқсат беретін белгісіне солға бұрылған. Алайда қарсы бағытта келе жатқан Yutong қоғамдық автобусына жол бермей, соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Zeekr көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Zeekr автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият болып, өзге қозғалыс қатысушыларына құрметпен қарауға шақырды.
![]()
