Шымкенттік полицейлерге алғыс білдірілді
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері түнгі уақытта үйінен шығып кеткен ерекше баланы іздестіруге жедел кірісті.
Оқиға туралы ақпарат түскен бойда полиция лейтенанты Рамазан Қыдырбаев пен полиция капитаны Сапарбек Бекарыс қажетті іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Баланың анасы полицейлерге жеделдігі, жауапкершілігі және көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, қызметкерлердің адамгершілігі мен жанашырлығын атап өтті.
Еңбекші аудандық полиция басқармасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *